Мәжіліске өткен үш партияға неше орыннан берілді?

0
352
Мәжілістің жалпы отырысы.

11 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Парламентке “Нұр Отан”, “Ақ жол” және “Қазақстанның халық партиясы” (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өтті. Парламенттен “Нұр Отанға” – 76,  “Ақ жолға” – 12, “Қазақстанның халық партиясына” – 10 орын берілді. 

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша:

  • “Нұр Отан” – 71,09 пайыз;
  • “Ақ жол” – 10,95 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы – 9,1 пайыз;
  • “Ауыл” – 5,29 пайыз;
  • ADAL – 3,57 пайыз дауыс алған.

Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесі хаттамалардың түпнұсқасы келгеннен кейін жарияланатынын мәлімдеді.

10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілді орган – мәслихаттар сайлауы өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз