Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды

0
207

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен соған ұқсас пневмониядан 11 адам қайтыс болды. Бұл туралы 20 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте 1134 адамда COVID-19 анықталса, 118 адам пневмонияға шалдыққан.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, қазір коронавирустан 25 038 науқас (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастардың арасында 307 адамның жағдайы ауыр, 61-і хәл үстінде жатыр, 34 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз