Қазақстанда тағы бір облыс “қызыл аймаққа” кірді

0
183

20 қаңтарда елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Батыс Қазақстан облысы “қызыл аймаққа” кірді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Еске салайық, 19 қаңтарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой “қызыл аймақта” 6 өңір (Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы), ал “сары аймақта” үш өңір (БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары) тұрғанын айтқан.

Елдің қалған өңірлері “жасыл аймақта” орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан “сары аймақта” тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз