26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
“Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ”, – деді Берік Уәли.
Аккредитациядан өткен журналистер жиынды “Қазмедиа орталығынан” бақылай алады.