Семей қаласының әкімі ауысты

0
672
Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

25 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жаңа әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Дүйсенбі күні облыс әкімі Даниал Ахметов 2012-2015 жылдары аралығында өзінің орынбасары болған Сақтағановты қала басшысы ретінде таныстырды.

Ол бұрын облыстағы Ұлан ауданын басқарған.

50 жастағы Сақтағанов әр жылдары президент әкімшілігінде, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, кеден қызметінде істеген.

Ол қаланы 2015 жылдан бері басқарып келген Ермак Сәлімовтың орнына келді. Сәлімов былтыр қараша айында 63 жасқа толған. Қазақстанда ерлер осындай жаста зейнетке шығады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Ермак Сәлімовтің облыс әкімінің тұрғын үй, құрылыс мәселелері бойынша кеңесшісі болатынын айтты.

Семей – шамамен 320 мың тұрғыны бар облыстық маңызы бар қала. 1997 жылға дейін Семей облысының орталығы болды. 23 жыл бұрын президент жарлығымен Семей облысы таратылып, әкімшілік жағынан Шығыс Қазақстан облысы құрамына енгізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз