Британияда сирек, туа бітті жүрек бұлшық еті кеуде сыртында орналасқан сәби дүниеге келді, деп хабарлайды infox.ru.
Британдық дәрігірлер жатырдағы балаға жүктіліктің тоғызыншы аптасында диагноз қойған болатын. Дәрігерлер баланың тірі қалу мүмкіндігінің өте аз екенін айта отырып, аборт жасатуды ұсынғанымен баланың ата-анасы оған қарсы болады.
Сәбидің өмірге келгеннен кейін алғашқы сағаттарында елуден астам дәрігерлер қатысқан үш ота жасалды. Дәрігерлер жаңа кеуде қуысын жасап оған жүрегін орналастырды. Ұлыбританияда мұндай сирек аурумен дүниеге келіп, аса ауыр отадан кейін аман қалған алғашқы нәресте болды.
Жадыра Аманбайқызы