Канадада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

0
58

Канадалық West Wind Aviation авиакомпаниясына тиесілі ATR-42 жолаушылар ұшағы Канаданың Саскачеван провинциясының Фонд-дю-Лак кентінің маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ұшақта 22 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі бар.

Оқиға Фонд-дю-Лак әуежайынан ұшқаннан кейін бірнеше километр қашықтықта болған. Жергілікті құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бірнеше адам ауыр жарақат алған. Қаза болғандар жайлы деректер жоқ.

Қазіргі таңда Канаданың көлік комитеті оқиғаның тергеу жұмыстарымен айналысуда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз