Мьянмада әскери төңкеріс: Бір жылға төтенше жағдай жарияланды

0
360

1 ақпан күні Мьянма қарулы күштері билікті басып алып, ел басшылығын тұтқынға алды және елде бір жыл мерзімге төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы xinhua ақпараттық агенттігі хабарлады.

Мин Аун Хлайн, Мьянма Бас Қолбасшысы

Қазіргі таңда Мьянма билігі Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Мин Аун Хлаиннің қолына өткен. Жергілікті Бұқаралық Ақпарат Құралдарының хабарлауынша мемлекет президенті Вин Мьин және билеуші партия демократиялық ұлттық лигасының (NLD) жетекшісі Аун Сан Су Чжи қарашадағы сайлауда “алаяқтық” жасады деп, әскерилер тарапынан тұтқынға алынды.

Вин Мьин, Мьянма президенті

Қараша айындағы сайлауда ДҰЛ партиясы 476 орынның 396-ын жеңіп алды. Әскери күштер қолдайтын “ынтымақтастық және одақты дамыту партиясы” тек 33 орынға ие болды. Сайлау нәтижесі Жоғарғы сотта қаралғанымен, сайлау комиссиясы ешқандай заң бұзушылық дәлел таппады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз