Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр Азиядағы ең арзан қала атанды. Бұл туралы ЕСА International халықаралық консалтингтік компания рейтингінде көрсетіледі.
ЕСА International консалтингтік компаниясы 470 қалада тауарлардың белгілі бір жиынтығын (азық-түлік, ішімдік, темекі, аяқ киім, киім-кешек, үйге арналған тауарлар) және аталған қалалардағы қызметтер (тұрмыстық қызмет көрсету, мәдени ойын-сауық, т.б) бағасына негізделген өмір сүру құнын анықтайды.
Ұлан-Батыр елдің экономикалық орталығы болғанымен, мұнда өмір сүру құны айтарлықтай жоғары емес. Туризмнен келетін кіріс ел кірісінің 10 пайызын құрайды.
Әлемдегі өмір сүруге ең қымбат қалалар қатарында Ангола астанасы Луанда көш бастап тұр. Екінші орында – Судан астанасы Хартум. Қымбат қалалардың ондығына Цюрих, Женева, Базель, Берн (Швейцария), Осло (Норвегия), Токио (Жапония) және Ставангер (Норвегия) енген.
Сабина Сайлаубай