18 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайтынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтті
“16-17 ақпанда Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері Ресей, Иран және Түркия, сондай – ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президент сайлауы алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды”, – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Министрлік Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанатынын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Сириядан Қазақстанға тағы 12 адам оралды
Сирия бойынша Астана келіссөзі 2017 жылы қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысы бойынша басталған. Нұр-Сұлтандағы Сирия бейбіт келіссөзі Женевадағы БҰҰ бастамасымен ашылған келіссөзден бөлек өткен.
Келіссөз Сириядағы азамат соғысын тоқтатуды көздейді.