NASA Марсқа жаңа ғарыш аппаратын орналастырды

0
179

18 ақпанда АҚШ-тың Perseverance ғарыш аппараты Марс бетіне сәтті қонды. Қону сәті америкалық аэроғарыш агенттігі (NASA) сайтында тікелей эфирде көрсетілді.

Ғаламшар бетінде жүре алатын көлік тіршілік белгілерін іздеп көреді және топырақ үлгілерін жинайды. Ол үлгілер кейін Жерге жеткізіледі.

Қону сәті шамамен жеті минутқа созылған. Аппарат Марс бетіне парашютпен түсіп, қонған сәтте алғашқы суретін түсірді.

Perseverance Марсқа былтыр шілдеде ұшырылған. Құрылғы “Марс-2020” миссиясы аясында ғаламшарда 700 тәулік (Жер уақытымен) жұмыс істейді.

10 ақпан күні Марс орбитасына Қытай зонды да жеткен. Аппарат ғаламшар бетіне мамырдың соңында түсірілмек. Қытайлық ғалымдар миссия Марсқа адам жіберу мүмкіндігін зерттеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Қытай зондынан бір күн бұрын Марс орбитасына Біріккен Араб Әмірліктерінің “Аль-Амаль” (“Үміт”) дейтін спутнигі жеткен. Спутник былтыр жазда ұшырылған. Оның миссиясы – ғаламшардың атмосферасын, климат жағдайын, жыл маусымдарын зерттеу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз