Netflix Жапонияда аниме мектебін ашады

0
190

Америкалық Netflix компаниясы және жапондық WIT Studio анимация студиясы Токиода аниме мектебін ашпақ. Компаниялар анимациялық студияда 25 жыл жұмыс істеген Studio Ghibli ардагері Хитоми Татено жасаған аниматорларға арналған алты айлық курс ұйымдастырады. Бұл туралы Japan Today агенттігі хабарлады.

Сәуірден бастап WIT Animator Academy мектебі әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген алғашқы 10 студентін қабылдайды. Өтінімді 18 жастан 25 жас аралығында толық орта білімі бар барлық үміткер жібере алады. Жапон тілін “күнделікті қарым-қатынас”деңгейінде меңгерген шетел азаматтары да бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

Netflix компаниясы іріктеуден өткен барлық студенттің 600 мың иен (шамамен екі миллион теңгеден астам) болатын оқу ақысын толық төлейді. Сондай-ақ ай сайын 150 мың иен (шамамен 600 мың теңге) мөлшерінде шәкіртақы төлейтін болады. Оқуды аяқтағаннан кейін барлық студент WIT Studio-да жұмыс істейтін болады. Олар Netflix үшін жаңа аниме жобаларын жасайды.

WIT STUDIO Inc. – Жапонияның Мусасино қаласында орналасқан анимациялық студия. Оның негізін Production I. G продюсерлері Джеди Вада мен Тэцуя Накатакэ 2012 жылы маусым айында қалаған.

Бұған дейін Netflix танымал Dota 2 бейне ойынына негізделген жаңа аниме сериясын жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз