Түркістанда анасы мен төрт бала газдан уланып қайтыс болды

0
246

27 ақпанда кешке Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдан иіс тиген бес адам көз жұмған. Олардың төртеуі – кәмелетке толмаған бала. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2004, 2006, 2013 және 2016 жылы дүниеге келген балалардың қасында анасы (1980 жылы туған) бірге болған. Иіс тиіп қалған бесеуін көршілері көріп, құзырлы орындарға хабар берген.

Отбасы тұрып жатқан жеке тұрғын үй орталықтан келетін газ құбырына қосылған. Балалардың әкесі Шымкент қаласында емделіп жатқан.

Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғаны хабарланды.

Бұл Қазақстанда осы айда адам қазасына себеп болған алғашқы оқыс оқиға емес.

  • 21 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бес қабатты жатақханада орналасқан дәмхананың газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды, үш кісі ауруханаға түсті.
  • 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы көп қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, бір үйдің бес баласы көз жұмды.
  • 18 ақпанға қараған түні Қызылорда қаласында уақытша баспана өртке оранып, үйде болған бес баланың кенжесі қазаға ұшырады. Қалған балаларды үйде болған анасы құтқарып үлгерген. (RFL/RL)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз