Мемлекет басшысы ұлық мереке қарсаңында, жыл сайынғы дәстүр бойынша ерен еңбегімен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттады.
Марапаттау рәсіма барысында Елбасы барша отандастарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап
«Баршаңызды баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын Бұл ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы болған қастерлі мейрам. Абыройы асқақ, беделі биік мерейлі мемлекетіміз өзінің екінші ширек ғасырлық белесіне қадам басты. Осы жылдар ішінде біз аз уақытта сыннан сүрінбей өтіп, береке-бірліктің арқасында түрлі қиындықтарды еңсере білдік. Қазір Қазақстан төрткүл дүниеге толық танылған, халықаралық қоғамдастықтың белді мүшесі болып танылды. Алдымызда тұрған мәртебелі мақсат-міндеттерге де бірлесе қол жеткіземіз деп сенемін. Тәуелсіздікке тәу ететін кез келген халық үшін бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек»
– деді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, жыл сайынғы дәстүр бойынша ерен еңбегімен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Сондай-ақ марапаттарды табыстамас бұрын
«Оның үстіне биыл елордамыздың Алматыдан Ақмолаға көшуіне 20 жыл толды. Жаңа мыңжылдық қарсаңында сайын далада бой түзеген әсем Астана Тәуелсіздіктің тұмарына айналды. Осындай айтулы күні мәртебелі марапатқа ие болудың символдық мәні өте зор деп санаймын. Сондықтан Ақорданың төріне жиналған сіздер үшін бүгін ерекше мерейлі күн»
– деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы»АҚ Басқарма төрағасы Есімов Ахметжан мағұлұлы, «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері Қуатов Руслан, «Жақсылық» ШҚ басшысы Жақсылық Үшкемпіровке берілді.
«Отан» орденімен облыс әкімдері Даниял Ахметов, Бердібек Сапарбаев, және «Степное» ЖШС директоры Төлеуов Аманғос марапатталды.
«Барыс» орденімен Сарай Әенс Төлендіұлы, Онжанов Нұрлан Баймолдаұлы, Қабылдин Қайыргелді Мақсатұлы марапатталды.
«Парасат» орденімен Ақпарат және коммуникациялар министрі Абаев Дәурен Әскерұлы, ҚР Бас прокуроры Асанов Жақып Қамжанұлы, Әділет министрі Бекетаев Марат Бақытжанұлы, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Махмұдұлын және Өтекешова Меруерт Қайратқызын марапаттады.
«Құрмет» орденімен Қастек орта мектебінің мұғалімі Бердікенова Базаркүл Бекенқызы, боксшы Қанат Ислам, Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Мүтішев Төлеген, Киноактриса Әсел Сәдуақасова марапатталды.
Сонымен қоса Елбасы Еңбек даңқы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ІІ дәрежелі Даңқ, ІІ және ІІІ дәрежелі Айбын және Ерлігі үшін ордендерімен марапаттады.
Жадыра Аманбайқызы