Н. Нығматулин Мәжіліс депуттарын марапаттады

0
79

Мәжіліс Төрағасы Елбасының Жарлығымен Палата депутаттары және Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Мәжіліс Спикері:

-Елбасымыз негізін қалаған тәуелсіздікті сақтау жолында қызмет ету – ол біз үшін үлкен абырой. Себебі Тәуелсіздіктің арқасында біз бүгінде бүкіл әлемге танымал ел болдық. Осының барлығы Елбасымыздың салиқалы саясатының және біздің халқымыздың ерен ерліктерінің арқасында жеткен табыстар екені сөзсіз – деді.

Салтанатты шарада Мәжіліс депутаты Владислав Косаревқа «Парасат» орденімен марапатталса, Мәжіліс депутаттары Қожахан Жабағиевке, Уәлихан Қайназаровқа, Құралай Қарекенге, Бақыткүл Хаменоваға және Мәжіліс Аппараты Басшысының орынбасары Ержан Нүкежановқа, Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Асылбек Құбашқа «Құрмет» ордені берілді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова, Снежана Имашева, Сергей Симонов «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленсе, Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Зәуре Иманбергенова «Құрмет» грамотасын алды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз