Өзбекстан Қырғызстанға 100 млн$ бөледі

0
51
дереккөзден

Өзбекстан Қырғызстан кәсіпкерлеріне 100 млн доллар несие бөлуге ниетті. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Қырғызстан Республикасының экономика министрі Артем Новиков мәлімдеді. Оның айтуынша, бөлінген қаражат өзбек өнімінің импорты үшін шығарылатын болады.

А. Новиковтың мәлімдеуінше, барлық несие желісі қаржы институттары арқылы өтеді, мемлекет осы несиелер бойынша ешқандай мемлекеттік кепілдеме алмайды. Бұдан өзге барлық деректемелер Қырғызстанның және Өзбекстанның кредиттік мекемелері арасындағы жеке келісіммен жасалатындығын айты, деп хабарлайды Ca-news.

Несиенің уақыты мен шартын министр хабарламады.

Еске салсақ, 13-14 желтоқсанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Өзбекстанға тұңғыш мемлекеттік сапары жасалды.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз