2 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Үндістаннан келген Oxford/AstraZeneca (Covishield) препаратымен коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы “Дом” телеарнасы хабарлады.
Зеленскийге Северодонецктегі әскери госпитальда екпе жасалды.
“Мен әскери қызметкерлермен бірге вакцина салдырамын және бұл дұрыс деп санаймын”, – деді Зеленский.
Ол вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін, процедурадан кейін денсаулықтың қалыпты жағдайда қала беретінін айтып халықты екпе алуға шақырды.