Коронавирус: “Қызыл аймаққа” өткен өңірлер саны артты

0
287

26 наурыз таңертеңгі ақпаратта “қызыл аймаққа” Қарағанды облысы кірді. Одан бөлек Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Қазақстанда өткен тәулікте 1100 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан(185) және Алматы(330) қалаларында тіркелді. Ал қалған “қызыл аймақтағы” Батыс Қазақстан облысында 48 адам және Атырау облысында 82 адам, Қарағанды облысында 98 адам тіркелді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 237 300 адамға жеткен.

Қазақстан елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

Оқи отырыңыз – Коронавирустан жазылғандар саны 215 мыңға жақындады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз