9 мамыр күні Ресей астанасында Ұлы Отан соғысының 76 жылдық мерейтойына арналған шеру дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің 9 мамыр күні шеру туралы қойған сұрағына жауап берді.
“Шеру сөзсіз болады. Тіпті “мәңгілік полк” акциясы да өтеді деген мәлімдемелерді де естіген боларсыздар”,- деді Дмитрий Песков.
2020 жылы пандемияға байланысты жеңіс күнінде шеру болмады. 9 мамыр күні Мәскеу қаласындағы қызыл алаңнан 75 ұшақ пен тікұшақтар ғана ұшып өткен болатын.
Әзірге басқа елдерде “жеңіс күні” тойланып немесе тойланбауы белгісіз. Қазақстан бұл туралы ресми мәлімдеме жасамады.