Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі

0
409
Photo: Turar Kazangapov

29 наурызда астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Құжатқа сәйкес:

  • СОО, СО және т.б. жұмыс күндері уақыттары сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
  • Қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер мен оқушылар көшеді.
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
  • Тамақтану объектілеріне жеткізу және алып кету тапсырыстарын орындауға рұқсат етіледі.
  • Қоғамдық көліктер жұмыс күндері және сенбі күні уақытылы жүреді. Ал, жексенбі күні жұмысын тоқтатады.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша “қызыл аймаққа” кірді. Күн сайын қалада коронавирус инфекциясының 300-ден астам жаңа жағдайы анықталып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз