Пәкістан президенті Ариф Алви ковидке қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алғаннан кейін коронавирус жұқтырды. Бұл туралы президент twitter парақшасында хабарлады.
Бұған дейін президент Алви қытайлық Sinopharm вакцинасын салғызған.
“COVID-19-ға тапсырған тестімнен коронавирус анықталды. Вакцинаның алғашқы дозасын алдым, бірақ антиденелер бір аптадан соң екінші дозадан кейін ғана пайда болады екен. Абай болыңыздар”, – деп жазды ол.