Футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының төртінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында мұнайлы астананың “Атырау” командасын 6-2 есебімен жеңді.
Матч алдында “Астана” командасының капитаны Абзал Бейсебеков “наурыз айының үздік голы” номинациясымен марапатталды.
Алғашқы тайм 3-1 есебімен аяқталды. Екінші тайм дәл солай 3-1 есебімен аяқталды. “Астана” сапынан Абзал Бейсебеков, Абат Айымбетов және Роман Муртазаев екі голдан соқты. Ал “Атырау” сапынан Алекс Джуниор және Брайан голмен көзге түсті.
Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 4 турдан кейін 8 ұпай жинады. Ал, атыраулық команда есебінде 0 ұпай. Келесі турда “Астана” командасы 14 сәуір күні сырт алаңда “Ордабасы” командасына қарсы ойнайды. Ал, “Атырау” болса өз алаңында “Жетісу” командасын қабылдайды.
Атап өтейік, ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында карантиндік шараларға байланысты жанкүйерлерсіз өтті.
ФК “Астана” командасының Қазақстан чемпионатындағы ойындар нәтижесі:
- 13 наурыз
ФК “Арыс” – ФК “Астана” (2-2) - 19 наурыз
ФК “Астана” – ФК “Каспий” (2-0) - 5 сәуір
ФК “Тобыл” – ФК “Астана” (1-1)
Қосымша оқи отырыңыз – 2021 жылғы футбол маусымының күнтізбесі жарияланды
Қосымша оқи отырыңыз – “Астана” өз алаңында “Каспий” командасын 2-0 есебімен жеңді