Alibaba компаниясына 2,7 млрд доллар айыппұл салынды

0
181

Қытай билігі Alibaba компаниясына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін $2,7 миллиард айыппұл салды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.

“‘Монополияға қарсы іс – қимыл туралы заңның 47 және 48-баптарына сәйкес Alibaba Group компаниясының заңсыз қызметі сипатын, ұзақтығы мен ауқымын ескере отырып Қытайдың нарықты бақылау және реттеу жөніндегі Бас мемлекеттік басқармасы 2021 жылдың 10 сәуірінде компанияның ішкі сатылымының 4% мөлшерінде айыппұл салуға шешім қабылдады.” – делінген басқарма сайтының мәлімдемесінде.

Қытай билігінің хабарлауынша, 2015 жылдан бастап Alibaba өзінің нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланған және өз платформасында сауда жасайтын компанияларды “Эр сюань и” (“екеуінің біреуін ғана таңдаңыз”) деп аталатын қағидаға бағынуға мәжбүр етіп, яғни оларға компания ашуға немесе басқа бәсекелес платформаларда жарнамалық акцияларға қатысуға тыйым салған.

Alibaba компаниясы тарапынан басқарма шешіміне түсініктеме бере отырып, олар жазаны “толығымен қабылдайтындықтарын” және “толықтай мойынсұнуға” дайын екендіктерін айтты.

“Біз бизнесті заңға сәйкес жүргізуді, реттеу талаптарына сәйкестік жүйесінің құрылысын күшейтуді және өзіміздің әлеуметтік міндеттемелерімізді жақсы орындауды қолға аламыз”, – деп сендірді компания.

Alibaba Group компаниясының ішкі сатылымы 2019 жылы 455,712 млрд юан болған. Оның 4%-ы 18,228 млрд юань (2,7 млрд доллар). Бұл көрсеткіш Қытай еліндегі ең ірі көлемдегі рекордтты айыппұл. Бұған дейін Қытай тарихындағы ең үлкен айыппұл 2015 жылы Qualcomm компаниясы әділетсіз бәсекелестікке айыпталып 975 млн доллар айыппұл төлеген болатын.

Alibaba Group – Қытайдың ең ірі интернет компаниясы. 1999 жылдан бастап электронды коммерция саласында жұмыс істейтін компанияның қарамағына Alibaba Pictures, AliExpress, Taobao, Tmall интернет-алаңдары кіреді.

Оқи отырыңыз – Джек Маның жұрт алдына шықпағанына 2 ай болды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз