Қазақстанда өткен тәулікте 2893 адамға коронавирус, 123 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ел астанасында науқастар (574) күрт артқан. Алматыда бір күнде 695 науқас тіркелді. Алматы облысында 240 науқас анықталған. Қарағанды облысында – 225, Батыс Қазақстан облысында – 185, Ақтөбе облысында – 117, Атырау облысында – 140, Шымкент қаласында – 112, Маңғыстау облысында – 108 науқас тіркелген.
Өткен жылдың наурыз айынан бері 297 839 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 483 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 761 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 52 148 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.
Қазір 38 620 адам коронавирустан емделіп жатыр. 39 385 адам коронавирустан, 474 адам пневмониядан емделуде. 181 адамның жағдайы өте ауыр. 100 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 144 млн адамға коронавирус жұққан, 3 млн адам қайтыс болған