Ресейде Навальныйды қолдау акциялары өтті

0
139
Photo: RBK

Ресейде түрмеде аштық жариялап жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный бостандығын талап еткен акция кезінде 1700-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы “ОВД-Инфо” сайты хабарлады.

Президент Владимир Путин федералдық кеңеске жолдау жасаған күні Қиыр Шығыста Владивостоктан бастап, Балтық жағалауындағы Калининградқа дейінгі аралықта түрлі қалаларда мыңдаған адам Алексей Навальный негізін қалаған “Жемқорлықпен күрес қорының” жетекшілері шақырған митингіге қосылды.

Навальный жақтастары Кремль сыншысына қажетті дәрежеде медициналық көмек көрсетілмесе, денсаулығы мүлде нашарлап кетуі мүмкін деп алаңдайды.

21 сәуір түнге дейін Ресей қалаларында ұсталған 1700-ден астам адамның жартысына жуығы Санкт-Петербург тұрғындары.

Бірнеше күн бұрын билік “Жемқорлықпен күрес қорын” “экстремистік ұйым” деп атап, оны жабуға әрекет қылған. Навальный көмекшілері наразылықты сәл кешірек өткізуді жоспарлаған, бірақ саясаткердің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты наразылықты сәл ертерек өткізіп отыр.

Навальный бұған дейін белі мен аяғын емдету үшін дәрігер кіргізуді талап етіп, аштық жариялаған.

“Біз Навальный мырзаның өміріне қауіп төніп тұр деп санаймыз” деп жазды БҰҰ-ның адам құқығы бойынша тәуелсіз төрт сарапшысы 21 сәуірде жариялаған мәлімдемесінде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз