Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты

0
147

22 сәуір күні 2894 адам коронавирус жұқтырып, жалпы наурыз айынан бері 300 733 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 23 сәуір күні хабарлады.

Бұдан бөлек 2307 адам коронавирустан жазылып шықты. 80 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бір күнде 29 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Ел астанасында науқастар (511) күрт артқан. Алматыда бір күнде 698 науқас тіркелді. Алматы облысында 195 науқас анықталған. Қарағанды облысында – 228, Ақтөбе облысында – 226, Батыс Қазақстан облысында – 181, Шымкент қаласында – 131, Атырау облысында – 133, Ақмола облысында – 126 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Қазір коронавирустан 40 441 адам ( оның ішінде 498 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 689 адамның жағдайы ауыр, 171 науқастың жағдайы өте ауыр. 97 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз