Қазақстанда “Білім-инновация” лицейлеріне қабылдау емтиханы басталды

0
1,335
Нұр-Сұлтандағы "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты. 24 сәуір, 2021 жыл.

24 сәуір күні Қазақстанда “Білім-инновация” лицейлеріне  оффлайн форматта қабылдау емтиханы басталды. 

Оқи отырыңыз: Қазақ бала Кэмбридж университетіне шақырту алды

Елде жыл сайын 6-сынып бітірген оқушылар әр бағытта тереңдетіп оқытатын лицей, зияткелік мектептерге емтихан тапсырады. Солардың бірі “Білім-инновация” лицейлері (БИЛ). Білімпаздар БИЛ-ға емтиханды төрт пән бойынша тапсырады. Сұрақтар математика, логика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша тест түрінде жазбаша алынады.

Биыл Нұр-Сұлтандағы “Дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатына 1310 оқушы 7-сыныпқа қабылдау емтиханына кіреді.

24-25 сәуір күндері оқушылар төрт лек бойынша сынақтан өтеді. Бірінші лек емтиханы сағат 10.00-де басталды. Екінші лек сағ 14.00-де басталады. Емтихан жазу уақыты 100 минут.

Емтихан басталуына аз қалды.

Мектеп әкімшілігі емтихан жазатын кабинеттердің санитарлық нормаға сай екенін айтады. Қалалық полиция департаментінен инспектор шақыртылған. Әр 50-100 м сайын кіреберісте, жалпы мектеп ғимаратында қол жууға арналған залалсыздандыру құралдары орнатылған. 2 метр қашықтықты сақтайтын оқшаулау ленталары мен белгілер қойылған.  Әрбір оқушының отыратын орны қызыл белгімен белгіленіп, қашықтықты сақтау ережесіне сай қамтылған. Емтихан 45 кабинетте өтеді.

Емтиханға тіркеу 1 наурыз бен 23 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асты.

Сынақтың екінші туры 8 мамырда өтеді деп айтылады. Бұл мерзім пандемияға байланысты өзгеруі мүмкін.

“Білім-инновация” лицейлері (бұрынғы КТЛ) Қазақстанда 1993 жылдан бастап ашыла бастады. Лицей емтиханына елдегі 6-сыныпты бітірген кез – келген оқушы тапсыра алады. Білім мен тәрбиені қатар қоятын мектептерден осы уақытқа дейін көптеген халықаралық олимпиада жүлдегерлері түлеп ұшты. Олар Қазақстанның дамуы үшін түрлі салада қызмет етіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз