Израиль елінде діни мерекеге жиналған халық қайтып бара жатқан кезде тар дәлізде кептеліп, салдарынан 44 адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.
כל עוד הנר דולק
הלב פועם
צילום: רוטרניק pic.twitter.com/Cf82AFmG5Z— ינון מגל (@YinonMagal) April 29, 2021
Жыл сайын өтетін Израиль халқының Лаг ба-Омер діни мерекесіне 100-300 мың арасында адам жиналады. Биыл әдеттегідей жиналған тобыр, мереке біткеннен кейін шығып бара жатқан кезде, тәр дәліздің шығаберісін полиция қызметкерлері белгісіз себептермен жауып тастағандықтан адамдар кептеліп, бірнеше өлім жағдайы тіркелді.
נורא לראות את הצפיפות שהיתה במעבר הצר, ואת הדוחק העצום שהוביל בסוף לאסון הקשה והמחריד. pic.twitter.com/1RE7FggFXt
— ישראל כהן (@Israelcohen911) April 29, 2021
סרטון הזוי, דקות ספורות לפני האסון הקשה נראים האנשים מצטופפים במדרגות ונתקלים במחסום אנושי שעוצר אותם. מה גרם לדוחק להתפרץ בבת אחת ולציבור להימחץ? pic.twitter.com/4VBzW5jfNE
— ישראל כהן (@Israelcohen911) April 29, 2021
Жедел жәрдем қызметінің бас директоры Эли Бин трагедия кезінде кем дегенде 44 адамның қаза болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, 150 адам жарақат алды. Олардың ішінде алтауының жағдайы өте ауыр. Зардап шеккендердің ішінде балалар да аз емес.
Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде вакциналау бойынша әлемде бірінші орында тұрған Израиль билігі далада маска тағып жүру ережесін алып тастады. Елде коронавирус жұқтырғандар да едәуір азайып, шектеу шаралары қысқара бастаған.
Оқи отырыңыз – Израиль далада маска тағып жүру ережесін алып тастады.