Жапония дәрігерлері Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы шықты

0
181
An anti-Olympics group member holds up a banner during a protest rally, amid the coronavirus disease (COVID-19) outbreak, in Tokyo, Japan May 17, 2021. REUTERS/Naoki Ogura

Жапония дәрігерлер кәсіподағы коронавирус өршіп тұрған кезде Олимпиада ойындарын өткізу қауіпті екенін айтып мәлімдеме жасады. Бұл туралы Америка дауысы сайты хабарлады.

“Бүкіл әлем коронавирустың жаңа түрімен күресіп жатқанда Токио Олимпиадасын өткізуге түбегейлі қарсымыз”, – делінген одақтың ел үкіметіне жолдаған мәлімдемесінде.

Құжатта пандемия кезінде қауіпсіз Олимпиада өткізу “мүмкін еместігі” жазылған.

“Токиоға әлемнің түкпір-түкпірінен коронавирустың жаңа штамдарының келмеуіне ешкім кепіл бола алмайды”, – деді дәрігерлер.

Дәрігерлер мәлімдемесі Жапония індеттің төртінші толқынымен күресіп жатқанда, кейбір аймақтар соның ішінде ел астанасында төтенше жағдай жарияланған кезде жарық көрді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз