20 мамыр күні 26 адам коронавирус инфекциясынан, 5 адам коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 21 мамыр күні хабарлады.
Жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирустан 3 745 адам, пневмониядан 3 332 адам қайтыс болды.
Бұдан бөлек 2267 адам вирус жұқтырып, 2892 адам індеттен айыққан. Ал, коронавирус пневмониясын 121 адам жұқтырған.
35 198 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 535 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 247 пациент стационарда, 21 951 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 727 адамның жағдайы ауыр,
- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 100 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 1 943 409 адам вакцинаның бірінші дозасын, 865 517 адам екінші дозасын қабылдады.