Өткен тәулікте 31 адам вирустан қайтыс болды

0
147

20 мамыр күні 26 адам коронавирус инфекциясынан, 5 адам коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 21 мамыр күні хабарлады.

Жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирустан 3 745 адам, пневмониядан 3 332 адам қайтыс болды. 

Бұдан бөлек 2267 адам вирус жұқтырып, 2892 адам індеттен айыққан. Ал, коронавирус пневмониясын 121 адам жұқтырған.

35​ 198 адам коронавирус инфекциясынан (34​ 663 КВИ+ және 535 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13​ 247 пациент стационарда, 21​ 951 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ-​ шалдыққандардың арасында:
  • 727 адамның жағдайы ауыр,
  • 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 100 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 1 943 409 адам вакцинаның бірінші дозасын, 865 517 адам екінші дозасын қабылдады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз