Израиль мен Газа секторы арасындағы 10 күнге созылған атыс тоқтады

0
278
photo: ria.ru "Темір Күмбез" зымырандарға қарсы жүйесінің әуеде зымыранды жару сәті

Мысыр елінің араша болуымен Израиль мен Газа секторы арасындағы қақтығыс аяқталып, тараптар бейбіт келісімге келді. Бұл туралы “Daily News Egypt” Twitter парақшасы хабарлады.

Бейбіт келісім жұма түнгі сағат 2:00-де күшіне енді.

10 мамыр күні басталған қақтығыс бойынша Израиль аумағында Палестина анклавынан 4340-тан астам зымыран атылған, оның ішінде 640-қа жуығы анклав ішіне құлады. Израилдің “Темір күмбез” зымырандарға қарсы жүйесі өздеріне атылған зымырандардың 90%-ын әуеде жарған.

Риа Новости” сайтының ақпараты бойынша Израильде зымыран салдарынан 12 адам қайтыс болып, 50-ден астам адам ауыр жарақат алған. Израиль әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 232-ге жетті, олардың ішінде 65-і кәмелетке толмаған балалар. 1,9 мың адам жарақат алды.

Келісімге келмей тұрып ХАМАС ұйымы Израильді толық қамтитын зымырандармен атқылайын деп жатқанын ресми сайттарында хабарлаған. Бейбіт келісімге келетін болғандықтан бұл жопардан бас тартқан.

Әлеуметтік желіде газалықтардың қақтығыс аяқталғанын тойлап жатқан видеолар тарады.

АҚШ президенті Джо Байден тараптардың бейбіт келісіміне себепкер болғаны үшін Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сисидің дипломатиялық рөлі үшін алғыс білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз