“Ashyq”-тағы мәртебені үйден шықпай қалай тексеруге болады?

0
341

Егер фитнес-орталыққа, әуежай, кафе және басқада орындарға сізді кіргізетініне сенімсіз болған жағдайда, төмендегі QR кодты пайдалана аласыз.

Өз мәртебеңізді білу үшін ұялы телефоныңызға “Ashyq” қосымшасын жүктеп, жоғарыдағы QR кодты сканерден өткізесіз.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылады

Жүйедегі түстер нені білдіреді:

Қызыл түс: кіруге рұқсат жоқ;

Сары түс: қолданушы ПТР деректер базасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілгендіктен кейбір орындарға кіруге рұқсат жоқ;

Көк түс: ПТР анықтамасын көрсету міндетті болып табылатын орындарға ғана кіре алмайсыз, басқа жерлерге кіруге рұқсат;

Жасыл түс: ешқандай шектеулер жоқ. Жақын уақытта вакцинаның екі құрамын толық алған қазақстандықтың бәрі осы “жасыл мәртебеге” ие болады.

Айта кетейік, егер сіздің смартфоныңыз болмаса немесе қосымшаны жүктемеген болсаңыз, мекеме қызметкері сіздің қандай “түске” жататыныңызды ЖСН арқылы тексере алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз