Қазақстанда қызыл аймақтағы өңірлер саны азаюда

0
170

4 қыркүйекте Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы сары аймаққа өтті. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

Өткен аптадан бері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай жақсаруда. Тиісінше коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақтағы” өңірлер саны да азаюда. Қазіргі таңда “қызыл аймақта” 13 өңір, “сары аймақта” 3 өңір, “жасыл аймақта” 1 өңір орналасқан. Жалпы Қазақстан Республикасы “қызыл аймақта” тұр.

4 қыркүйектегі ақпарат бойынша 4830 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Алматы қаласы (1267) және Қарағанды (556) облысында тіркелді. Ал 8384 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 808 431 адамға жеткен.

Елде жалпы 7 миллионға жақын адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 5,6 миллионнан астам адам екінші компонентін ектірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз