Қазақстанда 11 өңір қызыл аймақта тұр

0
134

14 қыркүйектегі ақпаратта коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта” 11 өңір орналасқан. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

“Қызыл аймақ”:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы
  2. Алматы қаласы
  3. Шымкент қаласы
  4. Ақмола облысы
  5. Атырау облысы
  6. Қарағанды облысы
  7. Маңғыстау облысы
  8. Ақтөбе облысы
  9. Алматы облысы
  10. Қостанай облысы
  11. Павлодар облысы

Кейінгі екі аптада 5 аймақ “қызылдан” “сары” аймаққа өтті. Ол: ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және СҚО. “Жасыл” аймақта – Түркістан облысы. Қалған 11 өңір “қызыл” аймақта.

Қазақстанда өткен тәулікте 2801 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Алматы қаласы(611) және Қарағанды облысында(381) тіркелді. Ал 4386 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 73 адам қайтыс болды.

Өткен жылдың наурызынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 845 388 адамға жеткен.

Бұдан бөлек қазіргі таңда 7 126 777 адам вакцинаның бірінші дозасын, ал 5 944 855 адам екінші дозасын алған.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз