Еуразия медиа форумы алғаш рет онлайн өтеді

0
120
2019 жылы өткен Еуразия медиа форумы. Photo: sputnik.kz

15-17 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда XVII Еуразия медиа форумы өтеді. Алғаш рет онлайн форматта өтетін жиынға  әлемнің кез келген жерінен қатысуға болады. Ол үшін eamedia.org сайтына кіріп тіркелу керек.

Медиа форумның бірінші күні әлемге танымал сарапшылар шеберлік сабағын өткізеді. Бұл кезеңде “Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту” тақырыбы талқыланады.

Жиынның екінші және үшінші күндері әлемдік саясат пен экономика, БАҚ, экология, білім және футурология сияқты салалар қамтылады. Халықаралық және қазақстандық сарапшылар пандемияның жаһандық үдерістер мен адами қарым-қатынасқа әсерін, бүгінгі экологиялық күн тәртібін, болашақ әлемнің келбетін талқылайды.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстаннан Jokeasses тобының лидері Бексұлтан Қазыбек, Bilim Media Group директоры Рауан Кенжеханұлы және IWEP директоры Ержан Салтыбаев қатысады.

Алғашқы Еуразия медиа форумы 2002 жылы Алматы қаласында өтті. Қазірге дейін 6000-нан аса қатысушы мен халықаралық спикер ат салысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз