Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы кейбір қызметкерлерден коронавирус анықталғанына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Бұл туралы Ресей президентінің сайты хабарлады.
“Владимир Путиннің айналасындағылардан коронавирус ауруы анықталуына байланысты президент белгілі бір уақыт аралығында өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керектігін айтты”- делінген хабарламада.
Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесіп, сол мезетте өзінің оқшаулау режиміне өткенін және кейбір жоспарланған іс-шараға қатыса алмайтынын мәлімдеген.
“Оқшаулануға кету қажеттілігіне байланысты ол ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттеріне бейнеконференция режимінде қатысады.” – делінген Ресей президенті сайтында.