Футбол: UEFA Еуро жеңімпазы CONMEBOL Америка кубогының жеңімпазымен кездеседі

0
109

2022 жылы UEFA* мен CONMEBOL* ұйымдастыратын бәсекелердің қазіргі жеңімпаздары, Италия мен Аргентина өзара матч өткізеді. Бұл туралы UEFA сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі пандемияға байланысты Еуро-2020 турнирі 2021 жылдың жазына шегерілген болатын. Осы бәсекеде Италия жеңімпаз атанды. Ал, 2021 жылғы Америка кубогының жеңімпазы Аргентина болды.

Матч 2022 жылдың маусым айында өтеді. Алайда нақты күні айтылмаған. Бұл матчты ұйымдастыру UEFA мен CONMEBOL арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің бір бөлігі болып табылады.

UEFA атқарушы комитеті мен CONMEBOL кеңесі болашақта өзара қызығушылық тудыратын басқа мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

UEFA* – Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы
CONMEBOL* – Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз