7,5 миллионнан астам қазақстандық вакцина ектірді

0
69

29 қыркүйек таңертеңгі ақпаратта 7 594 542 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 6 500 573 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 1925 адам вирус жұқтырып, 42 адам қайтыс болды. 2857 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 220 адам жұқтырып, 10 адам қайтыс болды. Пневмониядан 408 науқас емделіп шықты.

Жалпы 61 490 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 10 368 пациент стационарда, 51 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 848 адамның жағдайы ауыр, 207 адамның жағдайы өте ауыр және 126 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз