Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақ қақтығысын еске алды (фото)

0
124
Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде қаза болған солдаттардың суретін ұстап тұрған әзербайжан сарбаздары. Қыркүйек, 2021 жыл.

Баку мен Ереван Таулы Қарабақта былтыр 27 қыркүйекте басталған соғыстың бір жылдығын атап өтіп, қақтығыс құрбандарын еске алды. Алты аптаға созылған қақтығыстан соң Әзербайжан Қарабақта ондаған жыл этникалық армяндар мекендеп келген біраз жерді өзіне қайтарып алған еді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еревандағы Ераблур әскери зиратындағы ескерткіштің алдында тізе бүгіп отыр. 27 қыркүйек 2021 жыл.

 

Бакудегі еске алу маршын Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен оның әйелі, вице-президент Мехрибан Әлиева бастап жүрді. Әзербайжан билігінің ресми мәліметінше, қақтығыстан 2905 әзербайжандық әскери қызметкер мен 100 тұрғын қаза болған.

 

Еревандағы Ераблур әскери зираты. Армяндардың мәліметінше, қақтығыстан 4025 армян солдаты, 88 тұрғын опат болған. Amnesty International екі тарапты соғыс қылмысын жасады, адамдарды қинап өлтірді деп айыптады.

 

Әзербайжандық әскерилер Таулы Қарабақтағы Шуша қаласында 27 қыркүйекте болған еске алу шарасында тұр. Әзербайжан бұл тарихи қаланы 2020 жылдың қарашасында қайтарып алған.

 

Еревандағы Ераблур зираты. 2020 жылы қарашада тараптар Мәскеудің араағайындық етуімен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Армения Таулы Қарабақтағы бірнеше ауданды Әзербайжанға қайтарған. Екі ел арасындағы атысты тоқтату туралы келісім және Ереванның іс жүзінде соғыста жеңілуі Арменияда саяси дағдарысқа алып келген.

 

Әзербайжандық әскери қызметкерлер 27 қыркүйекте Шушадағы әскери шеруде. Әзербайжан президенті Әлиев 2020 жылғы қақтығысты “қасиетті соғыс” деп атап, “енді біз жеңімпаз елміз, жеңіске жеткен халықпыз, тартып алған жерлерімізді қалпына келтіреміз” деді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз