Коронавирус: “жасыл аймақтағы” өңірлер саны артты

0
305

23 қазан таңертеңгі ақпаратта Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа өтті. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлады.

Эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі таңда:

  • “қызыл” аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қ, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары
  • “сары” аймақта – Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары
  • “жасыл” аймақта – Шымкент қ, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары

Бұдан бөлек Қазақстанда 1732 адамнан коронавирус табылды. 136 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 28 адам коронавирустан, ал 6 адам пневмониядан қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз