13 мың босқын Сирияға оралды – БҰҰ

0
56
дереккөзден

Босқындар «Ислам мемлекеті»* террористік ұйымынан ел аумағының біраз бөлігі тазарғаннан кейін Сирияға орала бастады.

Сириядан босқандардың көбі Ливанда тұрады, деп жазады ТАСС Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының аймақтық өкілі Лиза Абу Халдеке сілтеме жасай отырып.

Шенеуніктің айтуынша, қарашаның соңындағы мәліметтерге сәйкес Сирияға 13,4 мың босқын оралған. 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі уақыт аралығында Ливаннан 49 мын сириялық босқын өзге шет мемлекеттерге көшкен.

Сирия босқындарының көбі Бекаа аңғарында және елдің солтүстігінде қоныс тепкен. Қазір олардың саны азайған.

Еске салсақ, Сирия ұлттық диалогы Конгрессі 2018 жылдың 29-30 қаңтарына жоспарланған. Конгресс жаңа конституцияны дайындау және Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында парламенттік және президенттік сайлаулар өткізу процесін бастайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз