Беларусь президенті Александр Лукашенко ұзақ өмір сүру үшін импортталған тағамдарды жемеуге кеңес берді. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.
“Ауырмас үшін салауатты өмір салтын ұстануға тура келді. Яғни, иммунитет қалыпты болуы үшін. Асылық болмасын, мен өмірімде ешқашан ауырған емеспін. Мұның бәрі балалық шағымда қардың үстінде жалаң аяқ жүргенімнің арқасында” – дейді президент Александр Лукашенко.
Бұдан бөлек президент Лукашенко тек Беларусь елінде өсетін картопты жеуге кеңес берді.
“Жұмыстан келгеннен кейін жата бермей күніне екі сағат жұмыс істеу керек. Сондықтан мен қолыма балта алып отын шабуға барамын. Бұл өте пайдалы. Ешқашан шетелден әкелінген тағамды жемесеңіз ұзақ өмір сүресіз”- дейді Беларусь лидері.