Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасын қандай медициналық ұйымдардан алуға болатыны белгілі болды

0
152
Екпе алуға кезекте тұрған қала тұрғындары. Photo: Astana.gov.kz

15 қарашадан бастап Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасын егу басталады. Екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алайда, қаланың барлық медұйымдары жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынды:

– Қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;
– «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;
– «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» ЖШС (барлық филиалдары).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз