Ақшалай сыйлық пен жылжымайтын мүлік: Әлем чемпионы жеңісі үшін қандай марапаттарға ие болды?

0
210
Теміртас Жүсіпов

Сербия астанасы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Теміртас Жүсіповтің қандай марапаттарға ие болғаны белгілі болды. 

Естеріңізге сала кетейік, AIBA-2021 бокс турнирі 24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта өтті. Оған 13 салмақ дәрежесі бойынша әлемнің 88 елінен барлығы 510 былғары қолғап шебері қатысты. Қазақстан құрамасынан турнирге 13 спортшы қатысып, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль ілікті. 48 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов алтын медальға ие болды.

Теміртас, халықаралық бокс қауымдастығынан (AIBA) “алтын” үшін 100 мың доллар алды. Қазақстан бокс федерациясы тағы 70 мың доллар сыйлады. Сондай-ақ, жаңа әлем чемпионы спорт министрлігінен 6 миллион теңге алса, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев спортшыға пәтер кілтін және 5 миллион теңге табыстады.

“Баршамызға үздік спортшымыз Теміртас Жүсіповтың әлем чемпионы атағы құтты болсын. Бірнеше күн бұрын жерлесіміз Сербияның Белград қаласында жеңіс туын желбіретіп қайтты. Бұл біз үшін үлкен абырой, тәуелсіздіктің 30 жылдығына бағалы сыйлық” – деді марапаттау кезінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Фото: Ақмола облысының әкімдігі / Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың әлем чемпионын және оның жаттықтырушысын марапаттау сәті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз