1 қаңтарда жер халқының саны 7 444 443 881 адамға жетеді.
Бейсенбіде АҚШ Санақ бюросының сарапшылары осындай болжам жасады, деп хабарлайды ТАСС. Олар «ағымдағы жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда Жер тұрғындары 78,5 миллион адамға жетеді» деген кеңінен таралған мәлімдемені атап өткен. Өсім 1,07 пайызды құрайды.
«Келесі жылдың қаңтарында әр секунд сайын 4,3 бала жарық дүние есігін ашса, 1,8 адам көз жұмады», – деп күтілуде.
Бұған дейін Бюро 2050 жылы әлемде 9 миллиард адам болады деп болжаған еді.
ХІ ғасырдың басында Жер бетінде 310 млн адам сүрген, 1900 жылы бұл санақ өсіп, 1,6 млрд адамға жеткен. 2011 жылы Жер тұрғындарының саны 7 млрд-қа жетті.
Сабина Сайлаубай