2 желтоқсандағы ақпаратта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 753 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 13 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 54 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 973 045 адамға жеткен.
Министрлік мәліметінше елде 25 429 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 348 пациент стационарда, 20 081 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:
• 376 адамның жағдайы ауыр,
• 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 64 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.