Илон Маск – Жыл адамы

0
231
Илон Маск. Time журналының мұқабасы.

Time журналы SpaceX және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маскты Жыл адамы деп жариялады.

“Әлемдегі ең бай адамның үйі жоқ, ол жақында барлық дүниесін сатты. Ол Жер серігін орбитаға ұшырып, Күн энергиясын пайдаланып жатыр. Ол бензинді және жүргізушіні қажет етпейтін, өзі жасап шығарған көлікпен жүреді”, – делінген Маск туралы мақалада.

Илон Маск осыған дейін дәулеті 300 млрд доллардан асатын әлемдегі бірінші миллиардер атанған.

Былтыр Жыл адамы номинациясының жеңімпаздары АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис болған. 2019 жылы Time журналының басты бетіне шведтің эко белсендісі Грета Тунберг шыққан.

Бұдан бөлек Time журналы жыл батырларын да атады. Олар – вакцина жасау методын ойлап тапқандар Дрю Вайсман, Барни Грэм, Каталин Карико және Киззмекия Корбетт. Осы технологияның арқасында Pfizer/ BioNTech және Moderna компаниялары COVID-19 вирусына қарсы вакцина ойлап тапты.

Forbes журналы қазан айының соңында Илон Масктың байлығын 271,3 млрд доллар деп бағалаған. Биыл күзде Tesla акциясының құны шарықтап, бірден 13 пайызға қымбаттаған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз