15 желтоқсандағы ақпаратта 488 адам коронавирус жұқтырып, жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері 980 860 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Сәрсенбідегі мәлімет бойынша 921 адам коронавирустан жазылып шықты. 103 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бір күнде 11 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.
Қазақстан аумағында вирустың таралуы азайып, қазіргі таңда көптеген қалалар мен облыстар “жасыл” және “сары аймаққа” көшті. Ал, Қазақстан Республикасы вирустың таралуы бойынша “жасыл аймақта”. “Қызыл аймақта” ешбір өңір жоқ.