Түрік лирасы жыл басынан бері долларға шаққанда шамамен 50%-ға арзандады

0
184

14 желтоқсан Нұр-Сұлтан уақытымен 15:52-де түрік валютасы бір долларға шаққанда 14,2 лира болды. Бұл туралы Investing.com сайты хабарлады.

Жыл басында бір доллар үшін 7,4 лира бағам бойынша саудаланатын түрік валютасы бір жылда шамамен 50%-ға арзандады. Сарапшылар валютаның құлдырауын 16 желтоқсанда Түркия орталық банкінің есептік мөлшерлемені төмендетуі мүмкін болғаны үшін дейді. Себебі Түркия президенті Тайып Ердоған телебағдарлама кезінде есептік мөлшерлемені төмендетуді қолдап, оның инфляцияның төмендеуіне әкелетінін мәлімдеген деп “Прайм” экономикалық-ақпараттық агенттігі хабарлады.

Бұдан бөлек дүйсенбі 13 желтоқсанда S&P Global Ratings (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі Түркияның шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингінің болжамын “B+” деңгейінен теріс деңгейге дейін төмендетті.

Президент Тайып Ердоған 2019 жылдың шілдесінен бастап үш рет Орталық банктің басшысын, ал 2021 жылдың қарашасынан бастап екі рет қаржы министрін ауыстырды. Бұған дейін Түркияның оппозициялық партияларының жетекшілері Ердоғанды экономикалық қабілетсіздігі үшін айыптап, мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды. Түркия басшысы бұл үндеуді қабылдамай, Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау жоспарланған түрде 2023 жылдың маусымында өтеді деп мәлімдеді.

Investing.com сайтындағы мәлімет бойынша (Нұр-Сұлтан уақытымен 16:04):

1 АҚШ доллары – 437,9 теңге

1 Түрік лирасы – 30,5 теңге

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз